«80 теңгенің дәрісін алып бере алмады»: Анара Батырхан араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық көрсете алмағанын айтты

Сәуір 30, 2025 - 16:24
«80 теңгенің дәрісін алып бере алмады»: Анара Батырхан араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық көрсете алмағанын айтты

Әлеуметтік желіде тележүргізуші, блогер Анар Батырханның өзіне сөз айтқан жігіттің дер кезінде көмек көрсете алмағанын айтқан видеосы тарады, деп жазады Sadaq.kz.

Тележүргізушінің айтуынша, араласып жүрген жігіті ауырған кезде қамқорлық танытпаған. Тіпті ол жігіттің 80 теңге тұратын дәріні алып беруге жарамағанын жеткізді.

«Ауырып тұрған кезімде «Мукалтин» алып беруге жарамады. Оны өзім де ала аламын. Тек қамқорлығын көрейін дедім. Мәселе, дәріде, оның қанша тұратынында емес. Осындай болмашы әрекетіне қарап, адамның қандай екенін бағамдай беруге болады. Содан кейін бірден жоқ деп, өзіңе осының бәріне көнетін амеба қыз тауып ал дедім», — дейді Анар Батырхан.

Оның бұл сөзін жақтап, “Қазақтың жігіттерінде көк тиын жоқ”; “Ешкімнен ештеңе күтпеу керек”; “Ондай еркектер керек емес”; — деп пікір жазып жатқандар да бар.

Ал кей желі қолданушылары мүлде басқа пікірде.

«Осыны айтып отырған өзің амеба», «Осы сен байсыз қаласың-ау», «Қазіргі қыздар қиын болып кеткен», «Қу тізеңді құшақтап қалма», — деді тағы бір бөлігі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow