Абай облысында бір үйдің 3 баласы алты жыл бойы мектепке бармаған

Мамыр 2, 2025 - 15:27
Мамыр 2, 2025 - 15:56
Абай облысында бір үйдің 3 баласы алты жыл бойы мектепке бармаған

Абай облысында мектеп жасындағы бір үйдің 3 баласы алты жыл бойы мектепке бармаған, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қауіпсіз мектеп» айлық шарасы аясында әр мектепке прокуратура қызметкерлері бекітіліп, қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шаралар жоспары жасалды. Білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәрістер, оқытушы фильмдер мен бейнероликтер көрсетілді.

Атқарылған жұмыстар барысында бір отбасында тәрбиеленіп жатқан үш баланың алты жылдан астам уақыт бойы мектепте оқымағаны анықталды. Прокуратураның бастамасымен олардың құқықтары қалпына келтіріліп, кәмелетке толмағандар міндетті орта білім алу үшін қалалық мектептердің біріне орналастырылды. Профилактикалық есепте тұрған балалар мен олардың ата-аналарына ерекше назар аударылып, олар тұрақты бақылауға алынды. 

Сондай-ақ айлық шеңберінде «QR-сауалнама» жобасы іске асырылды. Аталған жоба арқылы онлайн форматта, анонимді түрде 15 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы сауалнамаға қатысты. Сауалнама нәтижелері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бірқатар өзекті мәселелер мен профилактикалық шаралардың жеткіліксіздігін көрсетті. Сауалнамаларда тіркелген заңсыз әрекеттер туралы әрбір хабарлама уәкілетті органдарға қосымша тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow