Ақнәр Хамиттің өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғады

Мамыр 23, 2025 - 10:25
Мамыр 23, 2025 - 11:06
Ақнәр Хамиттің өлімі: Полиция қылмыстық іс қозғады
фото: әлеуметтік желіден

Алматы полициясы былтыр қайтыс болған жас қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады.

2024 жылдың шілде айында Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінде 7-қабаттан құлап Ақнар Гүлстан мерт болды. Марқұмның анасы қызының биіктен өздігінен секіріп кетпегенін, ол кісі қолынан қайтыс болғанын айтып бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Бұл оқиғаны қазақстандықтар биыл әлеуметтік желіде қызу талқылай бастады. Бүгін Алматы қаласының полиция департаменті жұмбақ жағдайда қайтыс болған қыздың өліміне байланысты жан-жақты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

— Қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы өткен жылдың шілде айында Алматы тұрғынының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда, куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде, заңда көзделген басқа да процессуалдық әрекеттер жүзеге асырылып жатыр, — деп мәлімдеді департаменттен.

Сонымен қатар полиция мәліметінше, тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.

— Біз марқұмның туыстарының бастан кешкен қайғысына шын жүректен ортақтасамыз. Сонымен қатар соңғы процессуалдық шешім барлық тағайындалған сараптамалардың нәтижелерін алғаннан кейін және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін қабылданатын болады, — делінген полиция мәлімдемесінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow