АҚШ санкциясына ілінген Лукойл шетелдегі активтерін сататын болды
Ресейдегі "Лукойл" мұнай компаниясы шетелдегі активтерін сататынын, бұған компанияның санкцияға ілінуі түрткі болғанын мәлімдеді. Сату АҚШ рұқсатымен іске аспақ.
"Лукойл" меншігінде штаб-пәтері Женевада орналасқан трейдер, Румыния мен Болгариядағы мұнай өңдеу зауыттары және Нидерландыдағы мұнай өңдеу зауытының үлесі бар. Сондай-ақ, компания Ресейден бөлек Еуроодақ, Грузия, Балқан елдерін қамтитын 2,5 мың жанармай бекетінен тұратын желіге иелік етеді.
Сонымен қатар "Лукойл" активіне Ирактағы газды барлау және өңдеумен айналысатын мекеме кіреді. Бұдан бөлек, ресейлік мұнай компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Конго және Мексика елдерінде өндіру жобаларына қатысады.
Вашингтон 22 қазан күні ресейлік "Лукойл" және "Роснефть" компанияларын және олардың еншілес құрылымдарын санкция тізіміне қосқан. Санкция талабы бойынша, бұл компаниялармен 22 қарашаға дейін келісім-шарт жасасуға болады, бірақ алынған ақша бұғатталған есепшотқа аударылуы керек.
Азаттық радиосы
Сіздің реакцияңыз қандай?