Ақтауда 15 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

Сәуір 7, 2026 - 10:53
chat_bubble  0 visibility  2
Ақтауда 15 жастағы қыз көпқабатты үйден құлап, қаза тапты

6 сәуір күні Ақтау қаласының 13-шағынауданында қайғылы оқиға болды. 15 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйдің бірінен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, аумақты қоршауға алды. Куәгерлердің айтуынша, жерде тергеу топтары мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеген.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың қаза болғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеушілер суицид нұсқасын қарастырып жатыр. Құқық қорғау органдары әзірге іс мәліметтерін ашып айтпай отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0