«Ақтаудың жанашырлығы үшін»: Бакуде жарақат алған қазақ қызына әзербайжандар тегін көмек көрсеткен

Оған кейін қаланыда көрсеткен.

Наурыз 11, 2025 - 20:28
«Ақтаудың жанашырлығы үшін»: Бакуде жарақат алған қазақ қызына әзербайжандар тегін көмек көрсеткен
Фото: Александр Цой

Алматы қаласының тұрғыны, заңгер Айнигара ақпан айының соңында Әзербайжанға демалысқа барған. Алайда, алғашқы сағаттарда-ақ ол жарақат алып, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бакуге ұшып келген күні сүрініп, қатты құладым – жүре алмай қалдым. Бакудегі құрбым бірден көмекке келіп, мені жарақат пунктіне апарды. Онда мені кезексіз қабылдап, тегін медициналық көмек көрсетті. Себебі, біздің дәрігерлер мен қарапайым азаматтар Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде олардың отандастарына жанашырлық танытқан екен. Сол үшін олар маған алғыс ретінде дәл сондай ықыласпен қарады. Медициналық көмектен кейін де мені қамқорлыққа алып, түскі ас ұсынды және қаланы аралатып көрсетті. Осындай мейірімділік пен қонақжайлылықтың ортасында ауырсынуымды да ұмыттым», – деп бөлісті Айнигара.

Айнигара Әзербайжанда төрт керемет күн өткізіп, жергілікті тұрғындардың қонақжайлылығын, Ескі қаланың ерекше атмосферасын және ұлттық тағамдардың дәмін тамашалады. Ол болашақта бұл елге тағы да баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы саяхатшы блогер Александр Цой бөлісті.

«Әзербайжанның бауырлас халқына көрсеткен көмегі мен қонақжайлығы үшін зор алғысымды білдіремін»,- деді ол.

Естеріңізге салайық, 25 желтоқсанда Әзербайжан әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Ақтау маңында құлады. Ұшақ бортында 62 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Соның ішінде алтауы – Қазақстан азаматы. Өкінішке қарай, алты отандасымыз да қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow