Алаяқтарға алданып үйсіз қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады

Мамыр 12, 2025 - 11:01
Алаяқтарға алданып үйсіз қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады

Былтыр Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде желдей ескен болатын. Бұл жаңалыққа бей-жай қарамаған астаналық кәсіпкер Халық әртісіне екі бөлмелі пәтер кілтін тарту етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым, - деп жазды журналист Айнұр Омар.

Тағы оқыңыз: «Софыжан, сен үйіңе барасың. Ал мен қайда барам? Қайда?»: Нұрғали Нүсіпжанов баспанасыз қалғанын растады

Елордада Досымжан Таңатаровтың шығармашылық кеші өткен. Пәтер кілті осы концерт үстінде берілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow