Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болады

Шілде 7, 2026 - 10:13
chat_bubble  0 visibility  1
Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 7 шілде мен 9 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірдің тұрғындарын қатты ыстық күтіп тұр, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Алдағы үш күнде республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, 7–8 шілдеде солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 7 шілдеде орталықта және шығыста, 8 шілдеде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында, 9 шілдеде батыста қатты жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: еліміздің солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы 35-39°С-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда 41°С-қа дейін жететін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік өңірлерде 35-38°С-қа дейінгі қатты ыстық болжанады. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0