«Шапағатшы болсын»: Актриса Жанаргүл Жаныаманова марқұм ұлын сағынышпен еске алды
Танымал актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен ұлына арнап жүрек тебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, аналық сағынышы мен махаббатын жеткізді.
“Енді менің махаббатым саған бұғау емес, қанат болсын”, – деп жазды актриса.
Еске салайық, 1 маусымда көпшілікке “Келінжан” телесериалындағы “Қылышбек” рөлі арқылы танылған актер Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановалар тұңғыш ұлынан айырылып қалғаны туралы хабарланған еді. Өнер иелері тұңғыштарының денсаулығына байланысты бастан өткерген ауыр кезең туралы ашық айтқан болатын.
Көпшілік актрисаға қайғыра көңіл айтып, қолдау сөздерін жазды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0