Алматыда атыс болды, жарақат алғандар бар

Желтоқсан 25, 2024 - 09:40
 0  55
Алматыда атыс болды, жарақат алғандар бар
фото: Massaget.kz

24 желтоқсанда Алматыда Grand Park сауда ойын сауық орталығының маңында атыс болды. Бұл туралы оқиға куәгерлері хабарлады, - деп хабарлайды Sadaq.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Гранд Парк маңында атыс болды. Жарақат алғандар бар. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді", дейді оқиға куәгерлері.

Алматының Полиция департаментінің мәліметінше, 102-ге Қабдолов көшесінде атыс дауыстары естілгені туралы хабар түскен.

"Патрульдік полиция қызметкерлері 18 жастағы жігітті ұстады, одан сигналдық тапанша табылып, тәркіленді. Әуезов аудандық полиция бөлімі бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", дейді ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0