Алматыда саябақта тұрған автокөліктен адамның мәйіті табылды

Тамыз 27, 2025 - 14:12
 0  94
Алматыда саябақта тұрған автокөліктен адамның мәйіті табылды
Фото: Pixabay

Алматыдағы Түрксіб ауданында саябақ тоғайында тұрған автокөліктен ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полиция осыған қатысты ресми жауап берді. Қайтыс болған адамның тұлғасы анықталды.

«Қолдан жасалған өлім белгілері табылған жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады қалалық полиция. 

Айта кетейік, материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының қарауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0