«Арманым - аш қалмасақ екен...»: «Маскадағы адам» Құдайдан нан сұраған балаға пәтер сыйлады (ВИДЕО)

Қайырымды істерімен танымал «Маскадағы адам» есімді азамат шымкенттік Сержан есімді жасөспірімнің отбасына пәтер сыйлап, әлеуметтік желі қолданушыларын тебірентті, деп хабарлайды Qazaq.today.
14 жастағы Сержан көру қабілетінен айырылған әкесімен, денсаулығы нашар анасымен және мүгедек әпкесімен бірге жалдамалы бір бөлмелі пәтерде тұрып келген.
«Әкемнің көзі көрмейді, анам талып қала береді, әпкемнің ақыл-есі толық дамымаған. Мектептен бос уақытта жүк тасып, жұмыс істеймін. Нан таба алмай қалған сәт – өмірімдегі ең қиын кез», – дейді Сержан.
Ол мешітте «Маскадағы адаммен» кездесіп, басты арманы – аш қалмау мен ата-анасының амандығын тілегенін айтқан.
Сержанның табандылығы мен өмірге деген құлшынысы қайырымды азаматтың жүрегін елжіретіп, ол отбасыға жаңа баспана алып беріп, бар қарызын жапты.
Бұл оқиға Қазнет қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Пікір білдірушілер:
«Жүрегім езіліп кетті. Алла разы болсын», «Сержан – кішкентай болса да, өмірге үлкен адамша қарап жүрген мықты бала», «Осындай балалар аман болсын, болашағы жарқын болғай!» – деп алғыс жаудырды.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






