Астанада әйел паркинг қызметкерін басып кетті

Қазан 6, 2026 - 15:12
chat_bubble  0 visibility  15
Астанада әйел паркинг қызметкерін басып кетті
Фото: polisia.kz

Астанада жерасты автотұрағында көлік жүргізушісі паркинг қызметкерін қағып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оқиға 2 қазанда Бөкейхан көшесіндегі жерасты автотұрағында болған. Полицияның мәліметінше, «ROX» маркалы көліктің жүргізушісі тұраққа кіріп, солға бұрылған кезде аумақта жұмыс істеп жүрген жаяу жүргіншіні байқамай қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам медициналық мекемеге шұғыл жеткізілген. Алайда алған жарақаттары ауыр болып, кейін ауруханада қайтыс болған. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0