Астанада LRT-ның барлық 19 құрамы сынақтан өткізіліп жатыр
Астанада барлық 19 құрамның қатысуымен LRT-ны кешенді сынақтан өткізу басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сынақтар машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде өткізіледі. Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденуде, онымен бірге жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі.
Осы кезеңнің нәтижелері жүйені қосымша баптауға және тұрақты жұмыс жағдайында LRT тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілді. Желіде 15 пойыз жүретін болады. Қалған құрамдар резерв ретінде қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0