Астанада стоматолог 3 жастағы қыздың 18 тісін бірден емдеймін деп өлтіріп алды

Қараша 21, 2025 - 16:28
Қараша 21, 2025 - 16:44
Астанада стоматолог 3 жастағы қыздың 18 тісін бірден емдеймін деп өлтіріп алды
Фото: yandex.kz/maps

Астанадағы Dent-Park клиникасында дәрігерлер 3 жасар қыздың тісін ұзақ уақытқа ұйықтатып тастап емдеген. Бала анестезиядан кейін оянбай, көз жұмған. Қазір қылмыстық іске байланысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Қаралы отбасының адвокаты Руслан Айтжановтың айтуынша, ем кезінде медициналық стандарттар сақталмаған. Егер мамандар бірден бүкіл тісті емдеуге тырыспағанда, бала аман қалуы мүмкін еді. Марқұмның әкесі Талғат Құмаров 2024 жылы 30 қазанда қызының тісін Севоран препараты арқылы анестезиямен емдеткен.

«Алдыңғы процедура да 3,5 сағаттан ұзаққа созылған еді, қызым анестезиядан кейін есін жимады. Сол кезде де күмән болған. Кейін Фармацевтикалық бақылау елеулі бұзушылықтарды анықтады»,- дейді Құмаров.

Әкесінің айтуынша, дәрігерлер баланың 20 тісінің 18-ін бірден емдеуге шешім қабылдаған. Емшараның қауіпсіз екеніне сендірген.

«Седация таңғы 09:10 шамасында басталды. 14:00-де әйелім хабарласып, бала оянбай жатқанын айтты. Жедел жәрдем келді, реанимация 40 -45 минутқа созылды. Бірақ қызым оянбай қалды, жүрегі тоқтап, миы ісіп кетті», — дейді әкесі.

Қыздың әкесі фармацевтикалық бақылау деректеріне сүйене отырып, клиника алғашқы көмек көрсету кезінде заңсыздықтар жасағанын айтты. Клиника директоры Надежда Хон анестезиолог сол күні қызметтен кеткенін растады. Алайда процедураға қатысқан стоматолог әлі де жұмыс істеп жүр.

«Біз анестезия маманың жұмыстан шығардық. Енді сараптама қорытындысын күтеміз», -деді Хон.

Сот залында болған анестезиолог Жұмағалиева журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Жәбірленуші тараптың өкілі Руслан Айтжанов сапаны бақылау департаменті мен кешенді сот сараптамасы шыққанын атап өтті. Екі құжат та анестезиолог пен стоматологтың кінәсін көрсеткен.

«Алайда тек анестезиолог ғана тергелді. 18 тісті емдегісі келген стоматолог жауапқа тартылмады. Тергеу мен прокуратураның олқылығын көріп отырмыз», — деді адвокат.

Сонымен қазірге дейін не анықталды:

  • Анестезиолог соңғы рет 2019 жылы квалификациядан өткен және балалар анестезиологтарына арналған 7 жылдық тәжірибесі болмаған;
  • Клиникада тікелей осы оқиғамен байланысты емес мерзімі өткен және сертификаты жоқ дәрілер сақталған;
  • Дәрігерлер балалардағы ұзақ седация стандарттарын бұзған.

Адвокат пен қыздың ата-анасы жеке клиникалар ұзақ анестезия қолдануды қайта қарап, кішкентай балалардың тістерін бір уақытта емдеуден бас тартуы керек дейді. Отбасы қылмысқа қатысты барлық дәрігерлердің жазалануын сұрайды.

Анестезиологтың адвокаты сотқа келе алмағандықтан, іс кейінге қалдырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow