Астанадағы зәулім сарайдың кімге тиесілі екені белгілі болды
Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні шулатқан "жұмбақ сарайдың" шын мәнінде кімге тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Нұрлан Лесбек есімді Астана тұрғыны қызу талқыға түскен үйдің өзінікі екенін хабарлады.
"Мен - Нұрлан Лесбекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол - жалған ақпарат. Бұл үй - менің үйім. Осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын.", - дейді видеодағы адам.
Айтуынша, сарайға бергісіз үйді өз қолымен салған. Видеоны ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы жариялады.
Тағы оқыңыз: «Зәулім сарайы бар»: Астананың бас имамы желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Бұған дейін әлеуметтік желіде белгісіз адам сарайға бергісіз зәулім үйді көрсетіп, онда Астана қаласының бас имамы тұратынын айтқан.
«Мынаны мен басында мешіт екен деп қалдым. Сөйтсем бұл Астананың бас имамының үйі екен. Мешіт сияқты дәу ғой сұмдық. Ал енді садақа жіберіңдер. Жұма сайын салған садақаларың міне қайда кетіп жатыр. Сұмдық қой мынау. Не деген сарай мынау. Төрт әйелі бар екен. Поворын алып келдім. Сендердің садақаларыңмен жалақасын төлейді. Қалай Алладан қорықпайды? Аумағын көрсең бір га жерді қоршап алған ғой», – дейді видеоны түсірген адам.
Кеше Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов әлеуметтік желіде қызу талқыланған зәулім үйге қатысты мәлімдеме жасап, бұл үйге еш қатысы жоқ екенін, жалған ақпарат екенін айтқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?