Атырауда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

Маусым 22, 2026 - 15:25
 0  14
Атырауда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті
Фото: Видеодан скрин

Атырауда екі автобус соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.


Оқиға 22 маусым күні таңертең Амандосов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіш жүйесі істен шыққан.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Yutong маркалы автобустың тежегіш жүйесі істен шығып, жол жиегінде тұрған дәл сондай маркалы екінші автобуспен соқтығысқан.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан алты жолаушы түрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қажетті материалдар жиналып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.



Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0