Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға түсті

Қазан 5, 2026 - 16:51
chat_bubble  0 visibility  5
Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға түсті
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атыраудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт үшінші қабаттан авариялық жағдайда төмен түсіп кеткен. Оқиға кезінде оның ішінде төрт адам болған, деп жазады Sadaq.kz.

Атырау қалалық әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл жағдай 5 қазанда Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында болған.

Авариялық жағдай кезінде лифтте төрт тұрғын болған. Үш адам жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Тағы бір тұрғын медициналық көмектен бас тартқан.

"Оқиғадан кейін Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов тұрғын үй кешеніне барып, жағдаймен танысты. Қала әкімі тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын тікелей бақылауына алды. Жауапты қызметтерге лифтінің авариялық төмен түсуіне не себеп болғанын шұғыл анықтау тапсырылды. Сонымен қатар қаладағы барлық лифтілердің техникалық жағдайын толық тексеріп, қауіпсіздік деңгейін бағалау жөнінде тапсырма берілді", — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Жалпы облыс орталығында 179 көпқабатты тұрғын үйде барлығы 570-ке жуық жеделсаты бар. Оның 67-сін жөндеу жоспарланып отыр. Былтыр бұл жұмысты істеуге қазынадан қаржы бөлінбей қалған еді. 

Атырау қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, 2012 және 2024 жылдары қала аумағы бойынша 30 тұрғын үйдегі 59 лифті ауыстырылды.




Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0