Атырауда жоғалған отбасыны іздеуге қатысты деректер айтқан хакерге үркіту жасалды (ФОТО)
Атырауда жоғалып кеткен отбасыны іздеуге қатысты барлық схеманы көрсетіп, қайда жүргендерін анықтауға тырысқан атыраулық IT маман – Нұрланға хабарлама арқылы үркіту жасалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Хабарламадан қорқыту белгілерін байқауға болады.

Нұрланның сөзінше, құзырлы органдардың жұмысына кедергі келтіріп, араласу мүлде ойында болмаған. Халық шындықты күтіп отырғандықтан, бұл істі соңына дейін апарғысы келетінін айтты. Әзірге зерттеу жұмыстарын жасап, ресми ақпараттар шыққан кезде ғана бөлісіп отырамын дейді. Қазір оның зерттеуі мен болжамы бойынша – қылмысқа тікелей күйеу баласының қатысы бар.
«Айтпақшы, хакердің зерттеуі дәл келді. Құзырлы органдар елден шығып кеткен қыз-күйеу Балиде жүргенін айтты. Сонымен қатар отбасының бұл күйеу баласы – Сұлтан Сәрсенғалиев жантүршігерлік қылмысқа күдікті деп танылды», – дейді журналист Жанат Молдашева.
Естеріңізге сала кетейік, жоғалған отбасының екі мүшесінің денесі өз үйлерінен табылды. Олар ерлі-зайыпты – Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиева. Ұлы мен қызы әзірге іздестіріліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
1