Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура

Қазан 26, 2023 - 14:10
 0  50
Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды – Бас прокуратура

Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

"Тергеу амалдары басталды. Өрттің себебі, бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір өрттің нақты неден болғанын айта алмаймын", - деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан соң кулуарда берген сұхбатында.

Еске салайық, 25 қазанда таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын.

Серік Жолдасбай

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0