«Әйел ыңғай бермесе, еш еркек сүйреп көңілдес қылмайды» - журналист
Танымал журналист Меруерт Әйтенова біреудің отбасын бұзып, әйел болып тиіп алатын қыз-келіншектерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның ойынша біреудің отбасын бұзатын әйелдер қарғыс алып, отау ішінен отау құрып, бақытты бола алмайды.
«Біреудің күйеуіне көзі түсіп, біреудің некесін бұзатын келіншектер, ренжімеңіздер. Сіздер шайтанмен контракт жасаған әйелсіздер.
Себебі отбасы деген қасиетті нәрсе. 20 жыл өмір сүрген еркектің артында әйел бар. Алды 20-ға келген бала-шаға бар. 20 жыл бұрын қыздай болып қосылған әйелі оның бүкіл ыстық күйігіне, дымы жоқ кезінде тірек болып, сонымен бірге жасасып, азамат етті.
40-қа, 50-ге келді, біреудің дайын күйеуіне көз салып, дайын күйеуді алып, отау ішінде отау тігіп, бақытты боламын деп ойламай-ақ қойыңыз. Құдай қосып тұрған жоқ сіздерді, сайтан қосып тұр, ренжімеңіздер.
Өйткені, қарғыс арқалап тұрсыздар. Оның алдында 20 жыл еңбегі сіңген әйелдің, балалардың көз жасы, наласы сізді бақытқа жетелемейді. Ұлы махаббат, «ойбай мен біреудің күйеуін жетектеп алып кеткен жоқпын, оның өзі келді» демеңізші.
Әйелдер ыңғай беріп, бір жерін беріп, еркекке үйіріп тұрмаса, ешқандай еркек сені сүйреп көңілдес қылмайды. Төпелеп отырып тоқал етпейді, бүкіл пәле өздеріңіздерден. Осы райларыңыздан қайтпасаңыздар, ертең артында ұрпақтарыңыз сорлайды. Жақсылық деп ойламаңыздар», — деді журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?