Ақтаудағы ұшақ апаты: Бортта Қазақстан азаматтары да болған

22 адам ауруханаға жеткізілді.

Желтоқсан 25, 2024 - 13:19
 0  90
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бортта Қазақстан азаматтары да болған
Фото: видео скриншот

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортынын ішінде Қазақстан азаматтары да болған, деп хабарлайды sadaq.kz.
 
Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды.

"Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді. Барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтылануда", – деп хабарлады ТЖМ.

Baza-ның дерегінше, ұшақтың ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары болған.

Оқиға бойынша Әзербайжан тарапынан ресми мәлімдеме жасалды.

"J2-8243 "Баку – Грозный" рейсін орындаған  Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 км қашықтықта апатты жағдайда қонды. Оқиға туралы қосымша ақпарат жұртшылыққа ұсынылады", – деп хабарлады Azerbaijan Airlines компаниясы желідегі парақшасында.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0