Ақтаудағы ұшақ апатын тергеумен 4 ел айналысады
Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Әзербайжан Бас прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Minval.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен Әзербайжанның Бас прокуроры оқиға болған күннен бастап Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асыловпен, Ресейдің Бас прокуроры Игорь Красновпен, Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинмен, сондай-ақ Бразилияның Бас прокуроры Пауло Гонетпен байланыста екені айтылды.
"Болған оқиғаны толық, жан-жақты тергеу мақсатында Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Бразилиялық кәсіби тергеушілер, мамандар тергеу жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?