Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Ереже бұзған жүргізушілерге 5 АЕК (18,4 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Елімізде 1 желтоқсаннан бастап қыста жазғы дөңгелек пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 18,4 мың теңге айыппұл салынады, деп ескертеді Алматы полиция департаменті.
«Қысқы уақыт кезеңінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Автокөліктің барлық түрлерінде қысқы дөңгелектер болуы тиіс», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқару 5 АЕК (18,4 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанға жағдайда 20 АЕК (73,8 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Сіздің реакцияңыз қандай?