«Бір аяғын жұлып кеткен»: Павлодарда жас жігіт пойыздың астында қалды

Дәрігерлердің мәліметінше, науқас бірнеше жерінен жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған. Оқиға 30 қыркүйек күні болған. 

Қазан 9, 2026 - 17:22
 0  2
«Бір аяғын жұлып кеткен»: Павлодарда  жас жігіт пойыздың астында қалды
Фото: Ашық дерек

Павлодар теміржол вокзалында пойыз қағып, бір аяғынан айырылған жас жігіт бірнеше күннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының өкілдері басылымға сол күні 2004 жылы туған жігіттің аса ауыр халде Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Оқиға 30 қыркүйек күні болған. 

Дәрігерлердің мәліметінше, науқас бірнеше жерінен жарақат алып, сол жақ аяғынан айырылған. Оған шұғыл түрде ота жасалып, кейін бірнеше рет хирургиялық араласу, қарқынды терапия және реанимациялық шаралар жүргізілген.

Алайда дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, жігіт 2026 жылғы 8 қазанда алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.

Көліктегі полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты Павлодар станциясындағы көлік полициясы бөлімінің қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0