Балалар үйі директорының күйеуі жетім баланы сабап тастаған

Қараша 18, 2024 - 11:03
Қараша 18, 2024 - 17:04
Балалар үйі директорының күйеуі жетім баланы сабап тастаған
Фото: ашық дереккөз

Балалар үйінің басшысының күйеуі мекеме тәрбиеленушісін соққының астына алды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жантүршігерлік оқиға Қырғызстанның Шу облысы, Кемин ауданында болған. Орловка ауылындағы балалар үйінің 13 жастағы тәрбиеленушісі қысым көрген. Директордың күйеуі мекеме аумағында жігітті бірнеше рет себепсіз ұрған. Баланың көзі мен мойынында соққы іздері бар.

Шу облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow