Балық шаруашылығы комитетінің басшысы қамауға алынды деген ақпарат тарады

Нариман Жүнісов 2007 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымды қызметтер атқарып келеді.

Сәуір 5, 2024 - 13:35
Сәуір 5, 2024 - 15:02
Балық шаруашылығы комитетінің басшысы қамауға алынды деген ақпарат тарады

Желіде Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов қамауға алынды деген ақпарат тарады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы журналист әрі қоғам белсендісі Кирилл Павлов жазды. 

«Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов пара алып жатып ұсталды деген ақпарат түсті», деп жазған ол өзінің Facebook пaрaқшaсындa.

Сонымен қатар ол қауіпсіздік қызметкерлері немесе Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қандай да бір түсініктеме күтіп отырғанын жазған. 

Нариман Жүнісов 2007 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде түрлі лауазымды қызметтер атқарып келеді.  

   

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow