«Басынан ауыр жағдай өтті»: Қайрат Нұртасқа келіні қолдау білдірді
Гүлзира Айдарбекованың ортаншы келіні Әйгерім Саркенова желіде жазба жариялап, қамауда отырған жұлдызды қайын ағасы Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді. Блогер келіншек әншінің басынан бұған дейін көптеген әділетсіз жағдайлар өткенін айтты.
Әйгерім Саркенова жұлдызды әулетке түскен сынақ туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды.
Айдарбекованың келіні қайын ағасы бұл жағдайды да еңсеріп шығатынына сенімді. Сөзінше, Қайрат Нұртас бұған дейін көптеген әділетсіздікке ұшыраған.
"Қоғамдық орындарда бейтаныс адамдар келіп, отбасымызға қолдау білдіріп жатыр. Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Бұл кезекті сынақ деп қабылдаймыз. Осы жеті жыл ішінде ағамыздың басынан көптеген ауыр әрі әділетсіз жағдайлар өтті. Сынақтарға қарсы иммунитеті қалыптасып кеткен.
Ол кісіге қарағанда ата-анамыз қатты уайымдап отыр. Өз еліңді мойындату оңай емес екенін енді түсіндім. Ағамыз жайлы ел арасында түрлі негатив пен даулы мәселелер айтылып жатса да, ол оның ешбіріне мән бермей, барын салып еңбектеніп, халыққа өзін дәлелдеп тастады. Ол кісіден үйренетін жақсы қасиеті бар. Ағамыз басына қандай жағдай түспесін әркез бәрін жымиып қарсы алады. Өмірлік сынақтарды сабырмен еңсереді. Аға, сізге тек зор денсаулық тілегім келеді. Аман болыңызшы", - деп жазды Саркенова.
Сіздің реакцияңыз қандай?