Берденовтің отставкаға кеткені туралы хабар жалған болып шықты

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда әкімдіктің баспасөз қызметі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, Берденов ресми түрде өз қызметін атқарып отыр және қазіргі уақытта ем қабылдауда әрі еңбек демалысында.
Айта кетейік, кеше әкімдікте бірқатар кадрлық өзгерістер жарияланып, екі жаңа әкім орынбасары тағайындалды.
Руслан Берденов 2025 жылдың ақпан айынан бері Шымкент әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Еске салайық, Шымкент әкімі Руслан Берденовке 21 сәуірде қалалық әкімдіктің ғимараты жанында қастандық жасалды. Оған оқ атылып, жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Берденовке оқ атқан Шымкент әкімдігіне қарасты серіктестіктің қызметкері күдікті деп танылған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Бастапқыда оқиғаға қызғаныш не әдепсіз қылық себеп болуы мүмкін деген болжам жасалды.
Сондай-ақ Руслан Берденовті атқан күдікті Ернар Жиенбайдың әйелі де мәлімдеме жасаған еді.
2025 жылдың 28 шілдесінде Шымкентте Берденов ісі бойынша сот процесі басталды.
Кейін Берденовке қастандық жасаған Жиембайға сот үкімі шықты.
Сіздің реакцияңыз қандай?






