Бір сағаттан кейін Қостанай облысында жарылыс болады

Шілде 22, 2024 - 11:23
Шілде 22, 2024 - 11:23
 0  126
Бір сағаттан кейін Қостанай облысында жарылыс болады

Қостанай облысында Жітіқара элеваторын жаруға дайындық жүргізіліп жатыр. Алайда тұрғындар жарылыс жасап, алтын өндіруге наразылық білдірді. Бұл туралы Власть өзінің telegram арнасында хабарлады.

«Карагандавзрывстройсервис» ЖШС қызметкерлері Жітіқара элеваторындағы негізгі корпусты жаруға дайындық жасап жатыр. Жарылыс жұмыстары шамамен бір сағаттан кейін жүзеге асырылмақ. Бұл жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр.

Бұл жұмыстар элеватордың астында алтын өндіруге байланысты басталды. Ал элеватордың өзі Пригородный ауылынан небәрі 115 метр қашықтықта орналасқан. Тұрғындар бұл жобаның өз үйлерінен 100-500 метр қашықтықта орналасуын қауіпті санап, наразылық білдірді.

Бүгін жарылатын негізгі корпус тұрғын үйлерден 500 метр қашықтықта орналасқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0