«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтырған сияқты»: Алматыда көшеде жалаңаш жатқан әйелдің денесі табылды

Маусым 17, 2024 - 16:08
Маусым 17, 2024 - 15:34
«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтырған сияқты»: Алматыда көшеде жалаңаш жатқан әйелдің денесі табылды

Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазды.

«15 маусымда Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-на бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерден жас келіншектің  денесі табылған. Ол тыр жалаңаш жатқан», - делінген жазбада.

Қоғам белсендісі тұрғындардың бойын үрей билегенін жеткізді.

«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтырып жіберген сияқты», «Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады», «Балалар көріп, қорқып кетті», – деген жұртшылық.

Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шарасы  жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда», - деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow