«Болам деп болған жоқпын»: Омар Жәлелдің тоқалы бар шындығын айтты
Абайтанушы, ғалым, философ Омар Жәлелдің жеке өміріне қатысты даулы ақпарат шықты. Бұл туралы оның екінші әйелі, психолог әрі аудармашы Ләззат Мырзаш Айнұр Асанбердіге берген сұқбатында ашық айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлел алғашқы баладан кейін оны үйден қуып шыққан. Бір жылдан бері бұрынғы жұбайымен байланыс орната алмай жүргенін айтты. Қазіргі күні Омар Жәлелдің төрт әйелі және 30-дан астам баласы барын да атап өтті.
«Кетерінде “бәрі жақсы болады, қайтып келемін, балаларға домбырамен ән айтып беремін” деді. Бірақ бір жыл өтті –ол кісі жоқ. Өзім ағасына да, інісіне де жаздым. Балаларға да мүлде хабарласпайды», – дейді күйініп.
«Екінші әйел боламын деп те ойлаған жоқпын. Сөздің ашығы. Ол кісі «маған тиесің бе?» деп те сұраған жоқ. Ыстамбулға келіп неке қиятын молдамен келісіп, бәрін дайындап қойған. Бұл жақтағы менің үлкен қателігім – барлық нәрсеге тәуекелшілдігім, бала сүйгім келгендігім шығар. Ол да өз қателігін мойындады. «Саған дұрыс қарым-қатынас жасамаппын, сюцайға барып қарым-қатынастар бөлінетінін білдім. Саған қысым жасап келіппін. Соған өкінемін»,- деп өзі мойындады», – дейді ол.
Ләззат Мырзаш бұрынғы күйеуінің балаларын іздеп әрекет жасамағанына ренжеулі. Өзінің сөзінше, бұл жағдай үшін отбасы мен жақындары оны жазғырмаған. Екінші әйел болады деп ойламағанын айтты. Өзі де үш баласы болса тұра екінші әйел болғаныма сенбеймін дейді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0