«Бұзау терісінен жасалған»: Маңғыстауда полицейлерге бюджеттен 2 млн теңгеге сағат алмақшы

Қыркүйек 24, 2024 - 21:12
Қыркүйек 24, 2024 - 21:26
 0  106
«Бұзау терісінен жасалған»: Маңғыстауда полицейлерге бюджеттен 2 млн теңгеге сағат алмақшы

Маңғыстау облысының полиция департаменті Мемлекеттік сатып алулар сайтында мемлекет ақшасына шамамен 880 мың теңгеге әйелдерге арналған және 1 млн 100 мың теңгеге ерлерге арналған сағат сатып алу туралы хабарландыру жариялаған, - деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Техникалық спецификацияда сағат бауы бұзау терісінен жасалуы қажеттігі, ал сағаттың өзі алтын жалатылған болуы керек деп жазылған. Полицейлер мұндай сағаттармен жақсы жұмыс істейді екен.

«Механизм - жапон/щвейцариялықтан жаман емес. Механизмнің түрі – кварц. Сырты PVD Gold (алтын), қапталған (титан нитрид + 10 микрон алтын). Артқы қақпағы тот баспайтын болаттан жасалған. Шынысы - минералды, сызаттарға төзімді. Су өткізбейтін - кем дегенде 5 АТМ. Шаң/ылғалға төзімді. ( ... ) Циферблат – ақ эмаль, дөңгелек, диаметрі кемінде 30 мм, өріс өндірушінің жазулары мен эмблемаларынан таза. Бауы: аллергияға қарсы жабыны бар былғарыдан (бұзау), қара/қоңыр, қара/қоңыр жіптермен тігілген», - делінген сипаттамасында.

Сағаттың әрбір данасы 11 мың теңге тұрады. 88 данадан тұратын әйелдер сағатының жиынтығына ведомство 880 мың теңге, ал 100 дана ерлер сағатына - 1,1 миллион теңге бөлмекші.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінде ведомство осындай сағаттарды ерекше көзге түскен құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне мереке күндері сыйлайтынын түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0