«Бұрынғы 1-мамыр жоқ»: Бұдан былай ауласында шөп өртеп, кір жайғандарға айыппұл салынады

Мамыр 2, 2025 - 12:32
«Бұрынғы 1-мамыр жоқ»: Бұдан былай ауласында шөп өртеп, кір жайғандарға айыппұл салынады
Фото: elements.envato.com

Енді аулаға шөп өртеп, кір жайсаңыз, көліктен басыңызды шығарсаңыз айыппұл арқалайсыз. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды sadaq.kz.

«Бұрынғы 1-мамыр жоқ қазір. Көкке шығып, қызғалдақ жұлып, кәуап пісіруді ұмытыңыз. Айыппұл - 70 мың теңге. Егер, жұлған қызғалдағың Грэй болса біттім дей бер. 

Ал, құрдастармен тауға шығып, тау басында қой сойып, әйелдер қуырдақ, жігіттер кәуап пісіретін күн енді тарих. Табиғатта пісірген шашлык үшін әр адамға 369 200 теңге айыппұл салынады. Егер ұжым болып ерекше қорғалған табиғи аумақта қазан ассаңыз 923 мың теңге санап бересіздер!

Үйде болып, тірлік бітірейін десең тағы айыппұл күтеді. Отағасына ауладағы қоқыс пен кәкір-шүкірді өртеу енді қымбатқа түседі, 78 мың теңге. Өзім кір жуып, үй жұмысын тындырайын десем тағы айыппұл. Үйге кіре беріс аулада не балконда желбіреп тұратын кірлер елді-мекен аумақтарының абаттандыру ережесін бұзу деп саналады. Жеке тұлғаға - 78 640 теңге айыппұл қарастырылған. Бәрін тастап қала аралап көлікпен қыдыруға болар еді. Бірақ, байқаусызда терезеден басың қылтың етсе бюджет 40 мың теңгеңді тағы қағып алады», — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow