«Дайындалған сценарий, PR»: Министр Әлназарова көмектескен адам танымал журналист болып шықты

Қараша 28, 2025 - 12:34
Қараша 28, 2025 - 15:28
 0  174
«Дайындалған сценарий, PR»: Министр Әлназарова көмектескен адам танымал журналист болып шықты
Фото: видеодан кадр

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта есінен танған бойжеткенге алғашқы көмек көрсетті деген ақпарат тараған еді. 

Ұшақта жағдайы нашарлаған бойжеткен белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болып шықты, деп жазады sadaq.kz. Бұл туралы журналистің өзі хабарлады. Айтуынша, оқиға таңғы алтыларда болған. 

«Таң атпай әлеуметтік желіде мына ақпарат желдей есті: ұшақ ішінде денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқы болып медициналық көмек көрсетті. Қоғам пікірі екіге жарылыпты: бұл дайындалған сценарий, PR десе, келесі топ енді министрден бұрын дәрігер ғой, дұрыс жасаған дейді. Ал мен дәл осы рейсте, эконом-класста 17J орындa отырған жолаушы ретінде денсаулығым кенет сыр бергенде шын жанашыр болған барша жақсы жандарға алғыс айтқым келеді», - деп жазды Әбіқай.

«Таңертең отырғанда көзім қарауытты, қауіпсіздік белдігі болмаса, құлап кететін едім. Бәрі айналамда жиналып, министрге «өзіңнің дипломың бар ма?» дегендерді де естідім. Дер кезінде жанымнан табылған Ақмарал Әлназароваға алғыс айтқым келеді. Дәрісін берді, тыныштандырды. Бұл - пиар емес», - деді ол.

Осыған дейін желіде министр Ақмарал Әлназарованың жолаушыға көмек бергені қызу талқыланып еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0