Димаш Құдайберген Құлсарыда еңбектеніп жүрген құтқарушыларға алғысын айтты

Димаш су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды.

Сәуір 11, 2024 - 09:46
app_badging Сәуір 11, 2024 - 10:27
chat_bubble  0 visibility  95
Димаш Құдайберген Құлсарыда еңбектеніп жүрген құтқарушыларға алғысын айтты
Фото: ТЖМ

Белгілі Қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбегі үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0