Дина Төлепберген: «Қызды «жат-жұрттық» деп жақындатпау – фашизм»

Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын.

Маусым 24, 2024 - 21:40
 0  170
Дина Төлепберген: «Қызды «жат-жұрттық» деп жақындатпау – фашизм»
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген қыз бала, әйел туралы қоғамдағы көзқарасқа қатысты ойын білдірді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, ата-анасы қызын «жат-жұрттық» емес, «жаным» десе жөн болады.

«Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын.

«Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік  алғышарты», - деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0