Доллар бағасы тағы да өсті

Желтоқсан 12, 2024 - 17:34
 0  78
Доллар бағасы тағы да өсті
Фото: Pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 522,91 теңгені құрады, деп жазады sadaq.kz.

Ұлттық банктің 12 желтоқсанға бекіткен ресми бағамы 516,93 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 522,92 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 526,98 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда доллар бағамы 3,54 теңгеге, 10 желтоқсанда 1,5 теңгеге арзандаған болатын. Ал кеше, 11 желтоқсанда 8,43 теңгеге қайта қымбаттаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0