«Машина менің мойнымда»: Димаш Құдайберген Шайдоровқа көлік сыйлады
Қазақстанның әлемге танылған әншісі Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтынын мәлімдеді. Өнер иесінің бұл қадамы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жанкүйерлердің зор қолдауына ие болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Михаил Шайдоровтың Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы әнді таңдауы көпшілікті ерекше толқытты. Осы сәтке байланысты әнші спортшыға жүрекжарды лебізін білдіріп, жеңісімен құттықтады.
«Мишабай, бауырым! Олимпиада алтыны құтты болсын! Құрметті ағайын, не деген мереке! Не деген той! Мұз үстіндегі қимылың, өнерің дүйім жұртқа шабыт, рух сыйлаған үлкен азаматқа айналдың. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң, өкінішке орай, халқымыздың маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпадың. Ағаңның, халқымыздың алдыңдағы борышыңды жоғары деңгейде өтедің», – дейді әнші құттықтауында.
Михаил Димаштың орындауындағы әнді таңдағанына марқайып қалғанын да айта кетті.
«Қуантып қойдың, көп рахмет! Осы орайда саған темір тұлпар сыйлаймын. Аз да болса, көптей көр. Машина менің мойнымда», – деген Димаш чемпионға көлік сыйлайтынын айтты.
Желі қолданушылары Димаштың кең пейіліне ризашылық білдіріп, Шайдоровтың болашағына сенім артты. Көлік сыйлау – жай ғана сыйлық емес, жас спортшыға көрсетілген үлкен құрмет пен қолдау болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0