Екеуі үйленіп алыпты: Еркеш Хасен мен Жанель Серғазинаға қатысты дау шықты (ФОТО)

Қаңтар 6, 2026 - 11:32
Қаңтар 6, 2026 - 11:56
 0  221
Екеуі үйленіп алыпты: Еркеш Хасен мен Жанель Серғазинаға қатысты дау шықты (ФОТО)
Фото: Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде танымал әнші Еркеш Хасен мен актриса Жанель Серғазинаға қатысты шу шықты, деп хабарлайды Sadaq. kz. 

Желіде әншінің бұрынғы әйелі Әйгерімнің құрбысы жазба қалдырды. Оның сөзінше, әйелімен де, қызымен де байланысын үзіп, актрисамен некелескен. 

Естеріңізде болса, Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина «Егіз-лебіз» жобасына бірге қатысып, жұптық өнер көрсеткен болатын. 

 

 
Желі қолданушылары әнші мен актрисаға наразылықтарын білдіріп, пікірлерін қалдырып жатыр. 

«Түсінгенім, жұлдыздардың  инстаграмдағы өміріне мүлдем қызықпаңыздар! Ешкім де, өмірлері де мінсіз емес. Солардың өміріне қызығып көңілдеріңіз түспесін», «Қызына арнап әдемі ән шығарып, бәрімізге ұнаған еді. Сөйтсек, жақсы әкенің рөліндегі өтірік маска екен ғой», «Қызым деп өтірік ән шығарғанша, одан да шын өмірде жақсы әке болған артық. Таза екіжүзділік», – деп пікір жазуда желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 1
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 3
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0