Елімізде тағы алты мереке пайда болуы мүмкін

Мамыр 27, 2025 - 17:26
Елімізде тағы алты мереке пайда болуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелер тізіміне тағы алты жаңа мейрам қосу туралы бастама көтерді, деп хабарлады sadaq.kz. 

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Халық талқысына салынып отырған мерекелер тізімі мынадай: 

Қазақстан кәсіпкерлері күні;

Қазақстанның қолөнершілер күні;

Табиғи монополиялар саласы жұмыскерлері күні;

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні;

Кадр қызметі жұмыскерлері күні;

Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.

Бұдан бөлек, құжатта Энергетик күнінің датасын өзгерту көзделген.

 Бұйрық күшіне енсе, энергетика мамандары кәсіби мерекесін желтоқсанның үшінші жексенбісі емес, 22 желтоқсанда атап өтеді.

Бұйрық жобасы 12 маусымға дейін қоғам талқысында болады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow