Еңбек министрлігі халықтан сүйінші сұрады
Қазақстан Оңтүстік Кореяның шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған Employment Permit System (EPS / E-9) жүйесіне ресми түрде енді. Осылайша, еліміз аталған бағдарламаға қатысушы 18-ші мемлекет атанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Министрлік бұл бағыттағы жұмыстарды 2023 жылдан бері жүргізіп келген.
Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Кореяға заңды түрде жұмысқа тарту 2028 жылдан басталады деп жоспарлануда.
Үкіметаралық меморандумға қол қою және Қазақстанда корей тілінен тестілеу өткізетін арнайы EPS-TOPIK орталығын ашу міндеті тұр.
Азаматтарымыздың Оңтүстік Кореяда заңды, қауіпсіз әрі әлеуметтік қорғалған түрде еңбек етуіне мүмкіндік беріледі.
Бүгінде бұл жүйеге Азияның 17 елі қатысады. Орталық Азия өңірінен Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0