Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады

Бұл – біріншіден, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Қараша 24, 2024 - 15:59
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Фото: istockphoto.com

Президент тұрғын үй саясатын реформалауға арналған заңға қол қойды. Енді кез келген кәмелет жасқа толған азамат ешқандай санатқа жатпаса да, тізімге кіре алады.

Баспана кезегін Отбасы банк жүйелеп реттейді. Құзыры кеңейтілген аталмыш банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейіне баса мән береді.

Бұл – біріншіден, ұзақ уақыт кезекте тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Әзірше құжаттарды egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. Заң күшіне енгенімен, Отбасы банкі 6 айдан кейін жұмысты толық бастайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow