Енді полиция ғана емес, автобус пен жедел жәрдем де жол ережесін бұзатындарды «аңдиды»

Шілде 30, 2024 - 11:50
Шілде 30, 2024 - 11:51
Енді полиция ғана емес, автобус пен жедел жәрдем де жол ережесін бұзатындарды «аңдиды»

Ішкі істер министрлігі жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін жүйелерді қоғамдық көлікке, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы үкімет отырысында ведомство басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған.«Патрульдік автокөліктерді жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін жүйелермен жабдықтап жатырмыз. Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталуда.Бұл бастама Президентке баяндалды. Олжас Абайұлы, осы мәселе өзіңізбен де талқыланды. Елімізде осындай құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашылды. Сондықтан әкімдіктер тез арада осы құрылғыларды алу қажет», - деді Сәденов.

Оның айтуынша, бұл жұмыс жүргізу мәдениетін арттыруға, жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге және жолда бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса ІІМ «жылдамдықты жақсы көретіндер» үшін де жазаны күшейтеді. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілген.

Сондай-ақ, мас күйінде, автокөлікті куәліксіз басқарса 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow