«Енеммен әлі де араласамын»: Мөлдір Мұқанова қандай келін болғанын айтты (ВИДЕО)

Әншілікке қадам басып жүрген Мөлдір Мұқанова енесімен қарым-қатынасы туралы бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның айтуынша, келін болып түскен күннен бастап ене мен келін арасында жиі кездесетін түсініспеушіліктерге жол бермеуді өзіне мақсат еткен.
«Ақ босағаны аттаған сәттен бастап енемді өз анамдай сыйлаймын деп сөз бердім. Содан бері арамызда ешқандай кикілжің, реніш болған емес. Қарым-қатынасымыз өте жақсы», – деді ол.
Сонымен қатар, Мөлдір енесімен бірге тұрмайтынын да айтты. Тұрсынбек екеуі қалада тұратындықтан, енесі қара шаңырақта кенже ұлдың қолында қалған.
Әлеуметтік желі қолданушылары Мөлдірдің ой-өрісіне тәнті болып, оны даналығы мен сыйластығы үшін мақтады.
@halykoljas Енеммен арама ешкім кірмейді...не болса да! Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың анасымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Айтуынша, үнемі ол кісімен жақсы байланыста болуын қалаған әрі қарай да солай болмақ екен. ♬ оригинальный звук - halykoljas
Сіздің реакцияңыз қандай?






