Ет бағасының неліктен күрт қымбаттағаны белгілі болды

Қыркүйек 23, 2025 - 15:46
Ет бағасының неліктен күрт қымбаттағаны белгілі болды

Елімізде ет бағасының неліктен күрт қымбаттауына сыртқы факторлар – әлемдік нарықтағы ахуал, сұраныстың артуы және өндіріс көлемінің өзгеруі әсер еткен. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

"БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін әлемде сиыр етін тұтыну жыл сайын шамамен 6%-ға өседі. Яғни бұл – жаһандық үрдіс", – деді Шаққалиев ет нарығына қатысты сұрақтарға жауап беру барысында. 

Сондай-ақ ведомство басшысы ет бағасы оның сапасы мен түріне де байланысты деп отыр. Мәселен, стейк немесе дайын маринадталған өнім әрқашан қымбат болады.

"Біз кінәлілерді іздеумен айналыспаймыз, бірақ өнімсіз делдалдар жазаланады. Егер олардың бағаны негізсіз көтергені анықталса, әкімшілік тәртіпте жауапқа тартылады, – деп нақтылады министр.

Сонымен қатар ол Үкімет нарықты тұрақтандыру үшін бірқатар шараларды қолға алғанын айтты. Олардың қатарында: ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері, тауарлық интервенциялар және ұсыныс көлемін арттыру бар.

Осылайша, біз бағаны теңгерімді деңгейге – килограмына 3 500-4 500 теңге аралығында ұстауға жұмыс істейміз, – деп түйіндеді Арман Шаққалиев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow