Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы өмірден өтті

Тамыз 6, 2026 - 16:23
app_badging Тамыз 6, 2026 - 17:04
chat_bubble  0 visibility  13
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы өмірден өтті

Астанада футбол жаттықтырушысы, Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин қайтыс болды. Футболшының дүние салғанын «Астана» ФК растады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтында Александр Лисиннің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Александр Лисин кәсіби мансабын "Целинник" клубында бастап, кейін "Астана", "Жеңіс", "Наша Кампания", "Экибастузец-НК", "Евразия" және Степногорскінің "Химик" командаларында өнер көрсеткен.  

"Кейін бірнеше жыл бойы "Астана" футбол клубының жүйесінде еңбек етіп, жас футболшыларды тәрбиелеуге үлес қосты. Ол футболды сүйген талай жас өренге жол ашып, олардың үлкен спортқа қанат қағуына себепкер болды", - делінген хабарламада.

Александр Лисин 55 жасында дүние салды.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0