«Қан ізі бар балта табылды»: Атыраудағы қанды іске қатысты тың дерек шықты (ФОТО)

Маусым 2, 2026 - 14:57
chat_bubble  0 visibility  1
«Қан ізі бар балта табылды»: Атыраудағы қанды іске қатысты тың дерек шықты (ФОТО)
Фото: Видеодан скрин

Журналист Жанат Молдашова Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесінде айтылған тың деректерді айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Журналистің айтуынша, үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қан ізі бар балта табылғаны өткен сот отырысында айтылған.

Алайда, сотта  балта туралы дерек ашық айтылмаған.

"Үй иелерінің мәйіті табылған сарайдан қанның ізі бар балта табылған. Өткен сот процесінде айтылды. Бірақ толық ашылмады. Ол балта туралы бұған дейін айтылмады. Ол қайдан шықты? Кімнің қаны?" – деп жазды журналист.

Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің көкейінде жаңа сұрақтар тудырды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0