«Қатты сезімге беріліп...»: Димаш Құдайберген қашан үйленетін айтты
Танымал әнші Димаш Құдайберген өзіне жиі қойылатын «қашан үйленесіз?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Қазақстанға келген сайын бұл сауал тіпті паспорт тексеру кезінде де қойылады.
«Әр нәрсенің өз уақыты бар. Ең бастысы — дұрыс таңдау жасау. Қатты сезімге беріліп, қыз баласының тағдырымен ойнаудан қорқамын», — деді ол.
Сондай-ақ әнші қыздардың қадірін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның сөзінше, отбасы құрған соң өмірлік жарымен бірге қартайып, сол бақытты бағалау маңызды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
1