«Қайын атам көре ме?»: Тұрсынбектің қызына сөз айтқан әнші кім?

Қараша 28, 2025 - 11:48
Қараша 28, 2025 - 13:03
 0  11
«Қайын атам көре ме?»: Тұрсынбектің қызына сөз айтқан әнші кім?
Фото: видеодан скрин

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасы тағы да көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жолы талқылаудың басты себепкері – әзілкештің үлкен қызы Әдемі. Жас әнші Ғалымжан Нұрқалықов Қабатовтың тұңғышына арнайы ән шығарып, оны көпшілік алдында жария еткен, деп жазады QazaqToday.

Жас әнші видеоның сипаттамасына жазған сөзімен-ақ оқырмандардың қызығушылығын оятты. Ол өз жазбасында ашықтан-ашық Тұрсынбекке сәлем жолдағандай болды.

«Тұрсынбектің қызы Әдеміге арналған ән. Қайын атам көре ме екен?» – деп жазды Ғалымжан Нұрқалықов өз парақшасында.

Бұл видео қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, желіде лезде тарап кетті. Алайда, романтикалық сарындағы бұл қадамды бәрі бірдей дұрыс түсінген жоқ.

Қазақ эстрадасындағы ең танымал отбасылардың біріне «күйеу бала» болғысы келетіндер аз емес. Бірақ желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің бұл қылығын ерсі санап, түрлі сыни пікірлер жаудырды.

Көпшілік Әдемінің әлі тым жас екенін алға тартып, әкесіне ескерту жасауға кірісті. Пікір жазғандардың арасында:

«Кішкентай қыз ғой бұл, әлі ерте емес пе?», «Тұрсынбек, қыздарыңа ие бол, жаушылар көбейіп кетті», «Жанұяңды талауға тастадың-ау» деген секілді алаңдаушылық білдіргендер көп.

Сондай-ақ, кейбір оқырмандар Тұрсынбектің бұған дейін айтқан сөздерін еске салды. Әзілкеш бір сұхбатында күйеу баланы өзі таңдайтынын және қызына қатаң талап қоятынын астарлап жеткізген болатын.

Әзірге Қабатовтар әулеті тарапынан бұл видеоға қатысты ресми жауап болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0